Ана - тіршілік тірегі

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Рейтинг 0.00 [0 Голоса (ов)]

Ана-тіршілік тірегі

(Сахнаға Мәди шығады. Қолында кострюл және касығымен,үсті  ұн ұн , басында повор шапкасын киген).

Торт пісіру-оңай ғой

Тек батыл болу керек

7 жұмыртқа,аз ғана ұн керек

3 ас қасық бұрыш

Жоқ әлде олай емеспа

Олай емесқой

Мен тіптен шатасып кеттім

  Мұнда бұрыш салмайды ғой

3 сағат болды осылай жүргеніме

Крем жасадым,қолымның бәрін күйдірдім

Нәтижесінде-күйіп кеткен бәліш

Мүлдем тортқа ұқсамайды.

  1-жүргізуші:Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

Сонымен бастаймыз!

2-жүргізуші

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

 Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

 Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

 Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

 Ер жеткізіп елге берген баласын,

 Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

 Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

 Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Бородина Виктория Владимировнаға  береміз.

Қазір 5-сынып оқушыларының орындауында «Айгөлек» биі

1-жүргізуші:

 Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:

 -Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.

 Сонда пайғамбар:

 -Анаң бар ма? -деп сұрайды.

 -Бар,-дейді әлгі адам.

 -Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса «Мама» әнімен Нұршат қыздарыңыздың аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық

Көрініс «Үш ана» Қатысатындар: Жансая, Шуғыла,Жансая
Ортаға стол және үш орындық қояды.Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.
Жансая – қыздың киімін киген бүлдіршін
Анасы Шұғыла – қызметкер ана көрінісімен киінген қыз

Әжесі Құралай
2-Жүргізуші:
Ойыннан келген Жансая

Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан тапты да,
Хал сұрауды көздеді.
Жансая:
Қызым, менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай,
Тамақ ішсең жарайсың.

Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма,
Тамақтанып аласың
(Қуыршағын алдына алып отырады)
1-Жүргізуші:
Жансаяның осы сәт,
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі

Анасы:
Жансая жан, бүгін сен,
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды,
Кешке дейін жүрдің бе?

Күнде саған ұмытпай,
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып,
Осы сені не істеймін (отырады)
2-Жүргізуші:
Анасының артынан,
Аптығып әже кіреді.
Ол – дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.
Әжесі:
Айналайын, алтыным
Шаршадың ба, жарқыным.
Ішпедің – ау тамақ та,
Жайын ойлап жалпының.

Қарашығым, қарағым,
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалды – ау тамағын (отырады)
1-Жүргізуші:
Аналардың елжіреп,
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып,
Өз қызына қарады.
Бәрі – үш ана:
Қандай қиын, қараңдаршы,
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес,
Білсеңіздер ана болу!
Қоңырау соғады


Аспазшы жүгіріп жүріп айтады: қамыр тасыды, компот пен борщ пісіру керек. Көмектесіңдерші бізге балалар.
Жүргізуші: Пісіруге көмектесеміз.
Ойын «Картоп жинау»

Нұршат пен Құралайдың орындауында Би

2-жүргізуші:

 Әркімнің де өмірден аласы бар,

 Аласы бар адамның анасы бар.

 Мерекесін құттықтап аналардың,

 Ән жолдайтын апалардың баласы бар.

( Жансая мен Ерасылдың орындауында ән «Анашым» )

І жүргізуші: 
-Аналарымыз бізді байлаулы көзбен де көреді екен. 
ІІ жүргізуші: 
-Олар осындай байлаулы көзбен басқа нәрсені де бізді көргендей жақсы көрер ме екен ? 
І жүргізуші: -Сынап көрелік. 
Ойын
«Өз баласын табу» 

І жүргізуші: 
- Мерген аналарымыздың құрметіне тағы да ән шашу 
Қазір Ермахан - «Ана туралы» ән орындайды
2 жүргізуші: 
-Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті. 
Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты. 
- Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді 
Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді. 
Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ. 
Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті. 
Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті. 
І жүргізуші: 
-Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен. 
Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты. 
Сен осылай жасай алар ма едің? 

2 жүргізуші: 
- Мүмкін мен тек біреуін ғана алып шығар ма едім? 
І жүргізуші: 
-Ол бақытты жан кім екен ? 
2 жүргізуші: 
- Білмеймін. Тек күшімнің келері сол болар дегенім ғой. 
1-жүргізуші:Жансая анасымен «Анаға сәлем » орындайды
2 жүргізуші: 
- Аналарымыз қандай өнерлі десеңші! 

1-жүргізуші:

 Әлемнің жарығын,

 Сыйладың сен маған.

 Даланың әр гүлін,

 Жинадың сен маған.

 Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше балаларыңыздың әсем әнін тыңдаңыздар.

  Ән «Бара алмадым»   орындайтын Жансая, Мәди

 

2-жүргізуші:

«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.

 Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

 Бишілер билеп кетті тербетіле.

 Аққудай қалықтаған теңіздегі,

 Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда мың бұралған бишілеріңіз. (Құралай мен Нұршат. «Шығыс биімен» қарсы алыңыздар)

  1-жүргізуші:

Аяулысың, ауылымның асылдары,

 Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

 Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

 Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызға Шұғыла мен Жансая «Анашым» әнімен шығады.

2-жүргізуші:

 Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

 Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

 Қош болып тұрыңыздар көріскенше

 Осымен концертіміз аяқталды.

 

Вложения:
Скачать этот файл (DSCN1760.JPG)DSCN1760.JPG[ ]2367 Kb
Скачать этот файл (DSCN1763.JPG)DSCN1763.JPG[ ]1904 Kb
Скачать этот файл (DSCN1772.JPG)DSCN1772.JPG[ ]2075 Kb

Добавить комментарий

Нарушение следующих правил влечет за собой удаление комментариев:

1) Комментарий содержит заведомо ложную информацию.
2) Комментарий оскорбляет Пользователей либо Администрацию Сайта.
3) Комментарий составлен таким образом, чтобы ввести в заблуждение Пользователей или Администрацию Сайта.
4) Комментарий является крайне эмоциональным в результате чего не является объективным.
5) Комментарий содержит вопрос, которые уже многократно обсуждался на других страницах Сайта и может быть найден по средствам поиска по сайту.
6) Комментарий носит экстремистский характер.
7) Комментарий был оставлен через прокси-сервер либо анонимную сеть с целью избежания ответственности за его содержание.


Защитный код
Обновить

Яндекс.Метрика